Нарық циклдерінің психологиясы
Басты бет
Мақалалар
Нарық циклдерінің психологиясы

Нарық циклдерінің психологиясы

Бастаушы
Жарияланды Oct 14, 2019Жаңартылды Jan 28, 2025
8m

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала тек білім беру мақсаттарына арналған. Binance арқылы берілген ақпарат инвестициялық немесе сауда бойынша кеңес немесе ұсыныстар болып табылмайды. Binance сіз қабылдаған ешбір инвестициялық шешімге жауапты емес. Қаржылық тәуекелдерді қабылдамас бұрын кәсіби кеңес алыңыз. Осы мақалада айтылған өнімдер аймағыңызда болмауы мүмкін.

Негізгі тұжырымдамалар

  • Неврологиялық процестерге негізделген оптимизм, ашкөздік, қорқыныш және дүрбелең нарық көңіл-күйін қалыптастырады әрі арту және кему трендтерімен тікелей байланысты. 

  • FOMO, жоғалтудан қорқу және когнитивті диссонанс сияқты психологиялық тұзақтар көп жағдайда трейдерлер мен инвесторлардың қисынсыз шешімдер қабылдауына әкеледі. 

  • Әлеуметтік платформалар эмоционалды ауытқуларды одан әрі күшейтуі мүмкін, ал айна нейрондар ұжым мінез-құлқына, табындық түйсікке және спекулятивті саудаға ықпал етеді.

Кіріспе

Уоррен Баффет бірде: «Нарық – шыдамсыздан шыдамдыға ақша аударуға арналған құрал» деген. Бұл қарапайым мәлімдеме эмоциялар мен психология нарық мінез-құлқын қаншалықты басқаратынын көрсетеді. Бұл идеяның негізінде нарық қатысушыларының ұжымдық эмоциялары қаржы нарықтарын қалай қалыптастыратынын зерттейтін мінез-құлық экономикасының маңызды тұжырымдамасы – нарық психологиясы жатыр. Ал нарық психологиясын қалыптастыратын нейробиология туралы не айта аламыз? 

Нейробиологияда миымыздың, әсіресе ақша араласқан жағдайда біз ойлағандай рационалды әрекет етпейтіні туралы айтылады. Эмоциялар, когнитивті бейімділіктер және психологиялық процестер қаржылық шешімдерімізді көбіне біз түсінбейтін жолмен басқарады. 

Мысалы, бадамша пішінді дене – мидың қорқынышты өңдейтін және «ұр немесе қаш» реакцияларын іске қосатын бөлігі. Ол нарық құлдыраған кезде импульсивті шешімдер қабылдауға итермелеуі мүмкін. Екінші жағынан, сыйақыларды бағалайтын маңдайалды қыртыстың вентромедиалды бөлігі арту тенденциясы бар нарықта артық сенімділікті тудыруы мүмкін. 

Бұл ми механизмдері өмір сүру үшін маңызды болғанымен, сауда мен инвестицияға келгенде ақылмен емес, түйсікпен әрекет етуге мәжбүр етеді.

Психология нарық циклдарын қалай басқарады

Жоғары тренд

Оптимизм арту тенденциясы бар нарықта кең таралған. Бағалардың өсуі толқытады, ал нейробиология бойынша бұл мидың марапаттау жүйесін қоздырып, нейротрансмиттер дофамин бөледі. 

FOMO (қапыда кеткен пайда синдромы) сияқты эмоционалды құбылыстар бұл трендті күшейтеді. FOMO мидың әлеуметтік марапатқа қатысты нейрондық жолдарынан туындайды, өйткені біз инклюзияны іздеуге және мүмкіндіктерді жіберіп алмауға физикалық түрде дайынбыз. X және Reddit сияқты әлеуметтік желі платформалары басқаларды тәуекелдерді толық түсінбестен активтерді сатып алуға шақырып, ауқымды табыстар туралы әңгімелер көрсету арқылы FOMO синдромын күшейте алады.

Dogecoin, Shiba Inu және соңғы уақыттағы TRUMP және MELANIA мемкоиндары негізгі мысалдар бола алады. Мемкоиндардың құны көп жағдайда ішкі құндылыққа емес, алыпсатарлық хайп пен вирустық тенденцияларға байланысты. Трейдерлер артық бағалау немесе тұрақсыз өсу сияқты ескерту белгілерін елемей, эйфорияға жиі түседі.

Бірнеше нейробиологиялық процесс бір уақытта осы бақыланбайтын оптимизмді тудырып, бұл бағалар активтің шынайы құнынан әлдеқайда асып түсетін қаржылық көпіршіктерге әкелуі мүмкін. Көпіршік жарылған кезде нарық төмендеу тенденциясына өтіп, көп жағдайда жағымсыз эмоциялар каскадын тудырады.

Төмендеу тенденциясы

Нарық кері кеткен кезде эмоциялар оптимизмнен мойындамауға және қорқынышқа өзгереді. Қорқынышты өңдейтін мидың бадамша пішінді денесі басым болып, паникамен сату сияқты инстинктивті жауаптарды тудырады. Неврологиялық тұрғыдан бұл қорқыныш шығындарды қабылдамау жалған сенімімен күшейе түседі, бұл кезде балама табыстардың жағымды болуынан гөрі жоғалтулар ауыр сезіледі.

Бағалар құлдырай бергенде, қорқыныш дүрбелеңге айналып, бұл капитуляцияға әкеледі, инвесторлар өз акцияларын жаппай, көбінесе айтарлықтай шығынмен сатады. Бұл мінез-құлық, әсіресе, төмендеу тенденциясы бар нарықта айқын көрінеді, мұны биткоинның 2022 жылғы нарық циклі кезіндегі күрт түзетулерінен көруге болады.

Нарық пессимизмнің шыңына жеткенде ақыры тұрақтанып, көбінесе бағалар бір жаққа қарай жылжитын жинақтау фазасына әкеледі. Осы кезде үміт пен оптимизмнің қайта оянуына байланысты кейбір инвесторлар нарыққа сақтықпен қайта кіруі мүмкін.

Нарық психологиясының негізіндегі нейробиология

Бірқатар күрделі неврологиялық процес нарық трендтерінің негізінде жатқан психологияны қалыптастырады. Осындай процестердің бірі – әртүрлі нейротрансмиттерлерден және ми құрылымдарынан тұратын марапаттау жолы.

Сыйақылармен және ләззатпен байланысты негізгі нейротрансмиттер – дофамин. Жағымды әсер алған кезде миыңыз дофаминді арттыру арқылы жауап береді. Бұл, әдетте, мидың дофаминергиялық жолдары қаржылық сыйақыларды күту арқылы белсендірілетін, осылайша кері байланыс циклін жасайтын арту тенденциясы бар нарықта байқалады. 

дофамин жолы нарық психологиясы

Дофамин негізінен қара төсемікте және жамылғының вентралды аймағында синтезделеді. Жоғарыда көрсетілгендей, дофамин мидың әртүрлі аймақтарына өтетін көптеген дофамин жолдары бар.

Нарық психологиясымен ең байланысты жол – мезолимбиялық жол. Мезолимбиялық жол жамылғының вентралды аймағында бадамша пішінді денені қамтитын лимбиялық жүйемен байланыстырады. Бұл жол – ләззат пен марапатты сезінетін орталық. Қаржылық пайданы күткен кезде дофамин осы жолға шығып, мотивация мен қанағат сезімін тудырады.

Қорқыныш пен алаңдаушылық сияқты эмоцияларды өңдеуге қатысатын негізгі құрылым – бадамша пішінді дене. Дофаминергиялық жолдар арту тенденциясы бар нарықта маңызды болғаны сияқты, бадамша пішінді дене төмендеу тенденциясы бар нарықта маңызға ие. Әдетте тірі қалу механизмі болып табылатын қаржылық контекстідегі «ұр немесе қаш» реакциясы импульсивті шешімдер қабылдауға, көп жағдайда шығындарға әкелуі мүмкін.

нарықтың төмендеуіне бадамша пішінді дененің жауабы

Бадамша пішінді денеде туындаған қорқыныш пен алаңдаушылық шешім қабылдау процестерін бұрмалап, паникамен сату сияқты импульсивті шешімдерге әкелуі ықтимал болса да, когнитивті диссонанс инвесторларға нарық қалпына келеді деп үміттеніп, шындықты қабылдамау арқылы активтерді ұстап отыруға мәжбүр етуі мүмкін. 

Трейдерлердің нарық туралы сенімдері шындыққа қайшы келген кезде когнитивті диссонанс пайда болады. Когнитивті диссонанс, ең алдымен, жоғары деңгейдегі когнитивтік функцияларға жауап беретін маңдайалды қыртыспен және қайтадан бадамша пішінді дене мен гиппокампты қамтитын лимбиялық жүйемен байланысты.

Нарық психологиясына әсер етуі мүмкін нейробиологияның тағы бір қызықты аспектісі – айна нейрондар. Бұл нейрондар мидың бірнеше аймағында, соның ішінде премоторлы қыртыс, қосымша қозғалтқыш аймағы, төбе бөлігі мен төменгі төбе бөлігінде орналасады. Айна нейрондар адам қандай да бір әрекетті орындаған кезде де, басқа біреудің ұқсас әрекетін көргенде де іске қосылады.

айна нейрондары нарық мінез-құлқына әсер етеді

Негізінде айна нейрондар бізге басқалардың эмоциялары мен әрекеттерін жанама түрде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл нейрондар эмпатияға және әлеуметтік әсерге қатысады. Басқа трейдерлердің табысқа жетуін көру осы нейрондарды қоздырып, еліктеуге әкеледі, бұл табындық түйсікте маңызды рөл атқаруы мүмкін.

TRUMP мемкоины: жағдайды зерттеу

1. Жылдам өсу және дофаминергиялық жолдар

Trump мемкоины шығарылған кездегі қарқынды өсімге мидың марапаттау жүйесі әсер еткен болуы мүмкін. Қаржы саласында кеңінен танымал тұлға Дональд Трамппен нақты байланысы, сондай-ақ монетаның БАҚ-та кеңінен хабарлануы сияқты факторлар оның бастапқы өсуіне әсер еткен болуы ықтимал.

FOMO және әлеуетті сыйақыларды жіберіп алу туралы жалпы ой да ықтимал драйвер болды. Бұл бастапқы өсу трейдерлердің дофаминергиялық жолдарын белсендіріп, қаржылық сыйақыны күткен кезде дофамин бөліп, осылайша толқулар мен спекуляцияның кері байланыс циклін тудырған болуы мүмкін. Бұл фазаны, әдетте, эйфория кезеңі деп те атайды, бұл кезде оптимизм мен толқу бағаның өсуіне ықпал етеді.

2. Табындық түйсік және айна нейрондар

Жоғарыда айтылғандай, айна нейрондар көбінесе табындық түйсікте, демек, нарық психологиясында маңызды рөл атқарады. Монетаның қарқынды өсуі осы нейрондар әрекетінің бір мысалы бола алады, өйткені жеке адамдар басқалардың эмоциялары мен болжалды табыстарының әсерінен ұтымды, тәуелсіз талдаудан гөрі ұжымдық сезімге негізделген шешімдер қабылдауы мүмкін. TRUMP жағдайында:

  • Мем мәдениеті: мемдер мен әлеуметтік желідегі белсенділік басқаларды трендке қосылуға шақыратын вирустық шу тудырды. Айна нейрондар трейдерлер мен инвесторлар арасындағы жағымды эмоцияларды күшейтуі мүмкін. 

  • Саясат және фанбазаның қатысуы: Трамптың саяси жақтастары мен жанкүйерлері монетаның көріну және қабылдану деңгейін одан әрі арттырды. Осы әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы жағымдағы нарық көңіл күйі тез таралады. 

Бұл мем мәдениеті және жанкүйерлер тобының қатысуы сияқты әлеуметтік әсерлер арқылы айна нейронға негізделген табындық түйсіктің нарықтағы мінез-құлықты қалай басқара алатынын көрсетеді.

3. Құбылмалылық, паникамен сату және бадамша пішінді дене

Көптеген мемкоин сияқты бастапқы өсімнен кейін TRUMP монетасы да құбылмалылық пен бағаның күрт құлдырауын бастан кешірді. Бұл кезеңде трейдерлер қабылдамау, қорқыныш және алаңдаушылық сияқты сезімдерді сезінуі мүмкін. 

Когнитивті диссонанс нарықтың құлдырауына қарамастан, тез қалпына келуге немесе белгілі бір цифрға сеніп, көпшілікті активтерін сақтап отыруға мәжбүр етуі мүмкін. Шындық пен жеке сенім арасындағы бұл қайшылық қисынсыз шешімдер мен қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар «ұр немесе қаш» реакциясына жауап беретін бадамша пішінді дене қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін күшейтіп, осылайша паникамен сатуға итермелеуі мүмкін. Бәсекелес MELANIA монетасы туралы хабарландыру осы эмоционалды реакцияларды күшейтіп, сыртқы факторлардың инвесторлардың жеке мінез-құлқына, нәтижесінде нарық трендтеріне қалай қатты әсер ететінін көрсете алады.

Қорытынды ойлар

Нарық циклдарының психологиясын түсіну өте құнды болуы мүмкін, себебі ол трейдерлер мен инвесторларға нарықтағы трендтер туралы толық түсінік береді. Мысалы, сіз қарқынды пессимизм немесе оптимизм кезеңдерін анықтау үшін эмоция трендтерін байқап, мұндай эмоциялардың нарықтағы бағаларға қалай әсер ететінін көре аласыз.

Эмоция тенденцияларын, оның ішінде допаминергиялық жолдардың рөлін, бадамша пішінді дене сияқты құрылымдарды және айна нейрондардың функциясын көрсететін нейробиологиялық процестермен таныс болу сізге нарық психологиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл когнитивті бейімділік, FOMO, паникамен сату және когнитивті диссонанс сияқты жалпы психологиялық тұзақтарды болдырмауға жағдай жасауы мүмкін.

Қосымша оқитын материалдар

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: Бұл контент сізге «өзгеріссіз» тек жалпы ақпарат және ақпараттандыру мақсатында қандай да бір мәлімдемесіз немесе кепілдіксіз ұсынылады. Ол қаржылық кеңес ретінде түсінілмеуі керек және қандай да бір нақты өнімді немесе қызметті сатып алуды ұсынуға арналмаған. Сізге тиісті кәсіби кеңесшілерден кеңес алу керек. Егер мақаланы үшінші тарап авторы жазған болса, айтылған пікірлер үшінші тарап авторының пікірлері екенін және Binance Academy көзқарасын міндетті түрде көрсетпейтінін ескеріңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін осы жерден бас тарту туралы мәлімдемеміздің толық мәтінін оқыңыз. Сандық активтердің бағасы құбылмалы болуы мүмкін. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңізге тек сіз жауаптысыз және Binance Academy сізде туындауы мүмкін шығындарға жауапты емес. Бұл материал қаржылық, заңдық немесе басқа да кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттарын және Тәуекел туралы ескертуді қараңыз.