Ethena (ENA) дегеніміз не?
Басты бет
Мақалалар
Ethena (ENA) дегеніміз не?

Ethena (ENA) дегеніміз не?

Орташа
Жаңартылды Jan 8, 2025
6m

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала тек білім беру мақсаттарына арналған. Binance арқылы берілген ақпарат инвестициялық немесе сауда бойынша кеңес немесе ұсыныстар болып табылмайды. Binance сіз қабылдаған ешбір инвестициялық шешімге жауапты емес. Қаржылық тәуекелдерді қабылдамас бұрын кәсіби кеңес алыңыз. Осы мақалада айтылған өнімдер аймағыңызда болмауы мүмкін.

Негізгі тұжырымдамалар

  • Ethena – Ethereum негізінде жасалған синтетикалық доллар протоколы. Ethena ұсынған USDe стейблкоины криптовалюта кепілдігі мен қысқа мерзімді фьючерстік позициялар арқылы қамтамасыз етілген. Ethena ұсынған ENA жергілікті токені Ethena қауымдастығының басқару токені ретінде қолданылады.

  • Ethena жүйесі баға тұрақтылығын сақтап, делдалдарсыз жұмыс істеу үшін блокчейн, смарт келісімшарттар және баға оракулдарын пайдаланады.

  • Ethena мақсаты – орталықтандыру, ашықтықтың болмауы және қаржылық жүйелерге шектеулі қолжетімділік сияқты кең таралған мәселелерді шеше алатын масштабталатын криптовалюталық ақша ұсыну.

ethena cta баннері

Ethena дегеніміз не?

Ethena – тұрақты және орталықтандырылмаған синтетикалық активтерді құруға бағытталған блокчейн жобасы. Оның негізгі мақсаты – дәстүрлі банк жүйелеріне және реттеуші органдар жүргізетін бақылауларға қатты тәуелді USDT және USDC сияқты орталықтандырылған стейблкоиндарға сенімді балама ұсыну. 

Нақты ақшаны резерв ретінде ұстау үшін банктерге немесе басқа да мекемелерге тәуелді дәстүрлі стейблкоиндардан айырмашылығы – Ethena жүйесі орталықтандырылмаған және тұрақты болу үшін жасалған.

Яғни Ethena жұмысты жалғастыру үшін ешқандай делдалдарға немесе компанияларға сенбейді. Оның орнына бәрінің қауіпсіз және ашық болатынына көз жеткізу үшін ол блокчейн технологиясы мен смарт келісімшарттарды пайдаланады.

Жоба көрінісі

Ethena сенімді талап етпейтін және цензураға төзімді қаржылық жүйені қамтамасыз етуді мақсат етеді, бұл пайдаланушылардың делдалдарға сенім артпастан, тұрақты активтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 

Ethena құрудағы идея – адамдар сауда жасауға, сақтауға немесе күнделікті төлемдер үшін пайдаланса да, сене алатын тұрақты цифрлық активтерді жасау.

Ethena дәстүрлі стейблкоиндар мен қаржылық жүйелерде кездесетін кейбір мәселелерді шешу үшін жасалған, мысалы:

  1. Орталықтандыру тәуекелдері: дәстүрлі стейблкоиндар орталықтандырылған институттарға сүйенеді, сол арқылы реттеуге, цензураға және контрагент тәуекелдеріне осал болады. Ethena үшінші тараптарға тәуелділікті жоя алатын орталықтандырылмаған шешімді ұсынады.

  2. Ашықтық: көптеген стейблкоин өз резервтерін қалай басқаратынын ашық айтпайды. Блокчейн технологиясына негізделген Ethena толық ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді.

  3. Орталықтандырылмаған қаржы қажеттіліктері: DeFi қолданбалары тиімді жұмыс істеу үшін сенімді активтерді қажет етеді. Ethena осы экожүйелерге үздіксіз интеграцияланатын тұрақты активті қамтамасыз етеді.

  4. Жаһандық қолжетімділік: Ethena бүкіл әлемдегі адамдарға, тіпті банктерге қол жеткізу қиын жерлерде де тұрақты цифрлық ақшаны пайдалануға мүмкіндік береді.

Ethena қалай жұмыс істейді?

Ethena синтетикалық активтерді жасап, қолдау көрсету үшін инновациялық блокчейн технологиялары мен механизмдерінің тіркесімін пайдаланады. Ethena стейблкоины USDe, ал оның басқару токені ENA деп аталады.

Бастапқыда USDe құралы Ethereum блокчейнінде іске қосылды, бірақ сонымен бірге 2024 жылдың тамызында Solana блокчейнінде қолжетімді болды.

Синтетикалық активтер

Синтетикалық активтер – фиат валюталары, тауарлар немесе акциялар сияқты нақты әлемдік активтердің құнын имитациялау үшін әзірленген цифрлық токендер. Ethena негізгі синтетикалық активі USDe – 1:1 (1 USDe = 1 АҚШ доллары) қатынасында АҚШ долларына бекітілген стейблкоин. Бірақ дәстүрлі стейблкоиндардан айырмашылығы – USDe құралы орталықтандырылмаған механизмдер арқылы баға тұрақтылығына қол жеткізеді.

Кепілге қою

Ethena синтетикалық стейблкоиндарына қолдау көрсету үшін үстеме кепіл пайдаланады. USDe токендерін шығару үшін пайдаланушылар смарт келісімшарттарда кепіл ретінде криптовалюта (мысалы, USDT немесе эфир) салуы керек. Кепіл нарықтағы құбылмалылық кезінде де USDe құнының сақталатынын қамтамасыз етеді.

Мысалы:

  • Смарт келісімшартқа 150 АҚШ доллары сомасында USDT салуыңызға болады.

  • Қайтарым ретінде 100 АҚШ доллары сомасында USDe токенін аласыз.

  • Қосымша кепіл (50 АҚШ доллары) бағаның ауытқуына қарсы қауіпсіздік желісі ретінде әрекет етеді.

Кепіл құны тым көп төмендесе, жүйе USDe тұрақтылығын сақтау үшін оның бір бөлігін автоматты түрде сатады.

Баға тұрақтылығы механизмі

Ethena кепіл мен USDe токендерінің нарықтық құнын бақылау үшін баға оракулдарын пайдаланады. Баға оракулдары – әртүрлі көздерден дәл және нақты уақыттағы деректер ұсынатын орталықтандырылмаған жүйелер. Бұл оракулдар қажет болған жағдайда сұраныс пен ұсынысты реттеу арқылы USDe құнының 1 АҚШ доллары деңгейінде сақталуын қамтамасыз етеді.

Смарт келісімшарттар

Ethena толығымен блокчейнде жұмыс істейтін өздігінен орындалатын бағдарламалар – смарт келісімшарттар арқылы жұмыс істейді. Бұл келісімшарттар USDe және ENA токендерін адамның араласуынсыз минттеу, өтеу және басқару ережелерінің сақталуына кепілдік беріп, сенімді және автоматтандырылған жүйені қамтамасыз етеді.

Орталықтандырылмаған басқару

Ethena протоколын орталықтандырылмаған автономды ұйым (DAO) арқылы оның өз қауымдастығы басқарады. ENA токендерінің иелері жүйені жақсарту, параметрлерді реттеу немесе жаңа мүмкіндіктер енгізу бойынша ұсыныстарға дауыс бере алады. Бұл басқару моделі жобаның бейімделгіш және қауымдастық басқаратын болып қалуына кепілдік береді.

Қорытынды ойлар

Ethena – дәстүрлі стейблкоиндармен байланысты орталықтандырылған жүйелерге тәуелділік пен шектеулі ашықтық сияқты кейбір негізгі мәселелерді шешуге арналған блокчейн жобасы. 

Смарт келісімшарттар, баға оракулдары және үстеме кепіл сияқты орталықтандырылмаған технологияларды пайдалана отырып, Ethena орталықтандырылған жүйелерге немесе делдалдарға тәуелді болмастан, тұрақтылықты сақтайтын синтетикалық активтерді құруға негіз ұсынады.

Ethena жетістігі оның қабылдануына және нарықтың құбылмалылығы мен реттеуші органдар тарапынан бақылау сияқты қиындықтарды қаншалықты жеңе алатынына байланысты болады. Дегенмен оның тәсілі икемді және қолжетімді қаржы жүйелерін құрудағы орталықтандырылмаған шешімдердің әлеуетін көрсетеді.

Қосымша оқитын материалдар

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: MiCA талаптарына сәйкес, рұқсат етілмеген стейблкоиндар бойынша ЕЭА-дағы пайдаланушыларға шектеулер қойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: Бұл контент сізге «өзгеріссіз» тек жалпы ақпарат және ақпараттандыру мақсатында қандай да бір мәлімдемесіз немесе кепілдіксіз ұсынылады. Ол қаржылық кеңес ретінде түсінілмеуі керек және қандай да бір нақты өнімді немесе қызметті сатып алуды ұсынуға арналмаған. Сізге тиісті кәсіби кеңесшілерден кеңес алу керек. Егер мақаланы үшінші тарап авторы жазған болса, айтылған пікірлер үшінші тарап авторының пікірлері екенін және Binance Academy көзқарасын міндетті түрде көрсетпейтінін ескеріңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін осы жерден бас тарту туралы мәлімдемеміздің толық мәтінін оқыңыз. Сандық активтердің бағасы құбылмалы болуы мүмкін. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңізге тек сіз жауаптысыз және Binance Academy сізде туындауы мүмкін шығындарға жауапты емес. Бұл материал қаржылық, заңдық немесе басқа да кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттарын және Тәуекел туралы ескертуді қараңыз.

Посттарды бөлісу
Қатысты мақалалар
Шотты тіркеу
Бүгін Binance шотын ашу арқылы біліміңізді іс жүзінде қолданыңыз.