Биткоин мен криптовалютаға инвестициялау әдісі
Басты бет
Мақалалар
Биткоин мен криптовалютаға инвестициялау әдісі

Биткоин мен криптовалютаға инвестициялау әдісі

Бастаушы
Жарияланды May 13, 2021Жаңартылды Aug 15, 2024
7m

Негізгі тұжырымдамалар

Биткоин инвестициялауға арналған ең танымал монеталардың бірі болуы мүмкін, бірақ бірегейі емес. Альткоиндар портфолиоңыздың әртүрлі қырларын жақсартатын криптовалюта сатып алған кезде тамаша балама ұсынады.

Сонымен қатар криптовалюта таңдаған кезде инвестиция немесе сауда жасайтыныңызды, сондай-ақ тәуекел профиліңізді және жасағыңыз келетін талдау түрін ескеруіңіз керек. Негізгі немесе техникалық талдауды немесе тіпті екеуін де бірдей таңдай аласыз. Осының бәрін ескере отырып, Binance жүйесінде инвестициялауға немесе сауда жасауға дайын боласыз.

Кіріспе

Биткоинға және басқа да криптовалюталарға инвестициялау – инвестицияларыңызды әртараптандырудың тамаша тәсілі, бірақ ол жоғары дәрежеде тәуекел етуді де қамтиды. Сондықтан жұмысқа кіріспес бұрын, кейбір негізгі ұғымдар мен принциптерді түсіну өте маңызды. Мұнда жай ғана криптовалюта сатып алып, жақсылыққа үміттенуден де көп нәрсе бар. 

Саналы инвестициялық шешім мұқият зерттеу мен талдауды талап етеді. Шын мәнінде тәуекел профиліңізге негізделген стратегияңыз болуы керек және ешқашан өзіңіз жоғалтқан жағдайда қиналып қалмайтын сомадан артық инвестицияламаңыз.

Биткоин немесе альткоин?

Криптовалютаға жаңадан келгендер үшін биткоин, әдетте, инвестициялаудың алғашқы қадамы болады. Бұл – ең танымал блокчейн жобасы және нарықтық капиталдандыру бойынша ең үлкен криптовалюта.

Алайда криптовалюталардың (альткоиндар) мыңдаған түрі бар. Кейбір альткоиндардың өз блокчейндері болса, басқалары ағымдағы желіні (мысалы, BNB Smart Chain немесе Ethereum) пайдаланады. Әрбір жобаның өзіндік ұсынысы бар, ал олардың әрқайсысының өзіндік ықтимал тәуекелдері мен пайдасы бар. 

Тек BTC криптовалютасына немесе бірнеше криптоактивке инвестиция саласыз ба, оны өзіңіз шешесіз. Кейбіреулер BTC ұстануды жөн көрсе, басқалары активтерін альткоиндармен әртараптандыруды қалайды.

Бір жағынан, активтерді әртараптандыру тек бір жобаға инвестициялау тәуекелдерін жояды. Бірнеше активіңіз болып, олардың біреуі сәтсіз болса, айтарлықтай соманы жоғалту ықтималдығы аз болады. Екінші жағынан, альткоин инвестициялары қауіпті болуы мүмкін және, өкінішке орай, оның айналасында көптеген алаяқтар бар. Сондықтан тәуекелге бармас бұрын өз бетіңізше зерттеу жүргізу өте маңызды.

Сауда жасауым керек пе немесе инвестициялаған дұрыс па?

Сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде, инвестициялайсыз ба, әлде сауда жасайсыз ба, соны ескеру қажет. Екеуін шатастыру оңай, бірақ олардың айырмашылығы бар. Қарапайым тілмен айтқанда, инвестициялау сіз сенетін және ұзақ уақыт ұстайтын активтерді таңдауды қамтиды. Мұндай стратегияда уақыт шығыны азырақ болады және әдетте оның тәуекелі әлдеқайда аз болады.

Керісінше, сауда тұрақты сатып алу және сату арқылы қысқа немесе орта мерзімді пайда табуға бағытталған. Жақсы трейдер болу көп уақыт пен тәжірибені қажет етеді. Трейдер күрделірек стратегияларды әзірлеуі керек, нарықтар мен сауда платформаларын талдауға көбірек уақыт бөліп, үлкен тәуекелдерге шамасы келуі қажет. Сондай-ақ сауда мен транзакция алымдарына жұмсалған қаражатты ескерген жөн.

Криптовалюта нарықтары дәстүрлі нарықтарға қарағанда көбірек құбылмалы болатынын есте сақтаңыз. Трейдерлерге пайда табу үшін құбылмалылық факторы қажет болғанымен, құбылмалылықтың жоғары деңгейі де жоғары тәуекел тудыруы мүмкін.

Жаңадан бастаушылар үшін инвестициялау ең оңай және қауіпсіз нұсқа. Инвесторлар әдетте жылдар бойынша ойлайды, сондықтан қысқа мерзімді бағаның өзгеруі соншалықты маңызды емес. Инвестициялау туралы шешім монетаның негізгі сипаттарына (жоба қаншалықты күшті және оның ұзақ мерзімді перспективада табысқа жету ықтималдығы қандай) көбірек негізделеді.

Кейбіреулер инвестиция салуды жөн көріп, қысқа мерзімді ауытқулар туралы алаңдамайды. Басқалары пайданы көбейту үшін жиі сауда жасап отыруды жөн көреді. Кейбіреулер, тіпті, екеуін бір уақытта жасайды. Мұның бәрі стратегияңызға, профиліңізге және тәуекелге төзімділігіңізге байланысты. Тағы да айтамыз, шешім сіздікі, бірақ ешқашан өзіңіз жоғалтқан жағдайда қиналып қалатын қаражатпен инвестиция немесе сауда жасамаңыз.

Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, егер күндізгі криптовалюта саудасы мен свинг саудасы туралы көбірек білгіңіз келсе, Жаңадан бастаушыларға арналған криптовалюта саудасы туралы толық нұсқаулықтан қосымша ақпаратты таба аласыз.

Негізгі талдау және техникалық талдау

Қайсысы жақсы инвестиция болатынын шешу үшін талдау жұмыстары қажет. Талдау түрі, ең алдымен, инвестицияға немесе саудаға байланысты болады, бірақ негізгі де, техникалық талдаулар да пайдалы болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай, қысқа және орта мерзімді бағаның өзгеруі инвестициялау (немесе ходлинг) кезінде соншалықты маңызды емес. Тұтастай алғанда, ұзақ мерзімді инвестиция негізгі талдауға (FA) қатысты монетаның немесе жобаның ішкі құнына көбірек қатысты.

Негізгі талдау жалпы жобаға негізделген активтің әлеуетін бағалауды, оның ішінде оның пайдалылығын, командасын, ақпарын, дамуын, маркетингін, менеджментін, беделін, ұзақ мерзімді мақсаттары мен басқа да факторларын қамтиды.

Ал техникалық талдау (TA) болашақ баға қозғалысын болжауға тырысу үшін алдыңғы баға әрекеті мен көлем деректерін қарастырады. Әдістеме, әдетте, майшам диаграммалары мен ТА көрсеткіштерін, мысалы, жылжымалы орташа көрсеткіштер мен тренд сызықтарын қамтиды.

Binance жүйесінде бірінші биткоиныңызды сатып алу

Binance криптовалюта биржасында биткоин мен альткоиндарды оңай сатып алуға болады.

1. Binance басты бетіне өтіп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы [Тіркеу] түймесін басу арқылы шот жасаңыз.

2. Одан кейін Binance шотыңызды растауыңыз керек. Бұл «Өз клиентіңді біл» ережесі процесі сіздің кім екеніңізге көз жеткізуімізге және біздің заңды талаптарымызды орындауға көмектеседі.

3. Криптовалюта сатып алудың ең оңай әдісі – кредиттік немесе дебеттік картаңызды Криптовалюта сатып алу мүмкіндігімен пайдалану. Binance қолданбасына кіріп, Binance Pro тармағына өтіңіз. [Қаражат қосу], кейін [Сатып алу жолы] опциясын түртіңіз. Мұнда мысал ретінде EUR қолданамыз. Фиат валютасын үстіңгі оң жақ бұрыштағы мәзір арқылы өзгертуге болады.

4. Сома мен төлеу әдісін орнатып, растау үшін [Сатып алу] түймесін басыңыз. 

Сондай-ақ Binance Spot сауда интерфейсі арқылы цифрлық активтерді сатып алу үшін банк шотыңыздан фиат валютасын аударуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Binance Жаңадан бастаушыларға арналған нұсқаулығын қараңыз.

Binance P2P

Сонымен қатар тең деңгейлі нарық саласында көшбасшы Binance P2P қызметін қолдана аласыз. Ең жақсы бағаны, төлеу әдісін және сауда серіктестерін таңдау арқылы сауда жасаңыз, мұның бәрі Binance компаниясының эскроу қызметі арқылы қорғалады.

1. Қолданба пайдаланушылары үшін басты беттегі [Қаражат қосу] түймесін басу арқылы жұмысты бастап, [P2P трейдингі] тармағын таңдаңыз, 700-ден астам опцияның ішінен валютаңыз бен төлем әдісін таңдаңыз.

2. Жылдам және қарапайым қызмет көрсету үшін экспресс нұсқасын пайдаланыңыз, біз тексерілген контрагентті ұсынамыз. Егжей-тегжейлі нұсқауларды P2P нұсқаулығынан қараңыз немесе Жиі қойылатын сұрақтар бетін қараңыз.

Binance жүйесінде бірінші альткоиныңызды сатып алу

Портфолиоңызды көптеген пайдалану жағдайлары бар BNB қызметтік токені сияқты альткоин сатып алу арқылы әртараптандыра бастай аласыз. 

1. Binance қолданбасына кіріп, Binance Pro тармағына өтіңіз. [Қаражат қосу] – [Сатып алу жолы] опциясын түртіңіз. Мұнда мысал ретінде EUR қолданамыз. Фиат валютасын жоғарғы оң жақтағы мәзір арқылы өзгертуге болады.

2. Одан кейін әртүрлі криптовалюталардың ішінен таңдай аласыз. Бұл ретте дұрыс фиат валютасын таңдауыңыз керек. Бұл мысалда BNB криптовалютасын EUR валютасымен сатып алуды таңдадық.

3. Сатып алуды аяқтау үшін карта мәліметтерін толтырып, криптовалютаның шотыңызға түсуін күтіңіз.

Сондай-ақ Binance P2P немесе Криптовалюта сатып алу бетіндегі жергілікті валютаны пайдаланып, әртүрлі төлем әдістері арқылы альткоиндар сатып алуға болады.

Криптовалютамен не істеуім керек?

Криптовалюта сатып алу, сату және ұстау – криптовалюта инвестициялап, саудалау кезінде қолдануға болатын стратегиялардың кейбірі. Ұзақ мерзімді ұстауға келетін болсақ, криптовалюталарыңызды Binance шотыңызда сақтауды немесе оларды сыртқы криптовалюта әмиянына аударуды таңдай аласыз. 

Криптовалютаңызды Binance шотыңызда сақтауды таңдасаңыз, Binance Earn ұсынған көптеген опцияны қарастыра аласыз. Оны криптовалютаңызды ұстап тұрып, пассивті кіріс алуға мүмкіндік беретін жинақ шоты ретінде қарастыруыңызға болады.

Қорытынды ойлар

Криптовалюталарды инвестициялауды немесе саудалауды үйренуге біраз уақыт қажет. Біліміңізді жетілдіру – жалпы инвестициялық тәуекеліңізді азайтып, неғұрлым жүйелі шешімдер қабылдаудың тамаша жолы. Үрей жетегінде эмоцияға беріліп, активті сатып жіберу оп-оңай, бірақ инвестиция мен сауданы зерттеген кезде мұның ықтималдығы әлдеқайда төмен болады. Бұл туралы қосымша ақпаратты «Нарық циклдерінің психологиясы» бөлімінен қараңыз.