Solidity

Орташа
Solidity – Ethereum блокчейнінде смарт келісімшарттарды жазып, енгізу үшін арнайы әзірленген бағдарламалау тілі. Оны 2014 жылы Гэвин Вуд ұсынып, Кристиан Рейтвисснер мен басқа да блокчейн әзірлеушілері әзірлеп шығарды.
Solidity тілін жобалаудың негізгі мақсаты әзірлеушілерге Ethereum платформасында бағдарламалар мен қолданбаларды тезірек және тиімді жазуға көмектесу болды. Solidity әзірлеушілерге орталықтандырылмаған қолданбаларды (DApp деп те аталады) басқаратын ережелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Solidity – Ethereum Foundation демеушілік ететін негізгі топ басқаратын ашық бастапқы қауымдастық жобасы.

Енді, егер блокчейн мен криптовалюталарды жаңадан бастасаңыз, сізде «Смарт келісімшарт дегеніміз не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Смарт келісімшарт – блокчейн деп аталатын орталықтандырылмаған желіде сақталған код бөлігі. Қарапайым тілмен айтқанда, алдын ала анықталған шарттар орындалғаннан кейін смарт келісімшарт тапсырмалар мен транзакцияларды автоматты түрде орындайды.

Мысалы, келісімшартта криптовалютаның белгілі бір сомасын А деген адамнан В деген адамға белгілі бір күні аударатын шарт орнатуға болады. Осы смарт келісімшарттардың кереметтігі сонда, олар транзакцияларға сенім, ашықтық және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін делдалдардың қажеттілігін жоя алады.

Solidity смарт келісімшартты бағдарламалайтын танымал тіл ретінде JavaScript және C++ сияқты тілдерден ерекшеленбейді. Әсіресе JavaScript тілінде сценарий жасау немесе бағдарламалау тәжірибеңіз болса, Solidity біршама таныс көрінетін болады.

Solidity тілінің айқындаушы сипаттамаларының бірі оның әртүрлі мүдделі тараптармен күрделі шартты келісімдерді анықтау мүмкіндігі болып табылады. Бұл әмбебап тіл тек токендерді әзірлеуде (ең айқын қолданысы) ғана емес, сонымен қатар краудфандинг науқандарын, соқыр аукциондарды, бірнеше қолтаңбасы бар әмияндарды және тіпті дауыс беру жүйелерін құруда қолданылады.

Дегенмен Solidity тілінің статикалық екенін ескеру өте маңызды. Solidity ресми веб-сайтына сәйкес, Solidity – «Ethereum жүйесінде жұмыс істейтін смарт келісімшарттарды әзірлеуге арналған статикалық типтегі және фигуралық жақшалары бар бағдарламалау тілі».

Бұл айнымалылар түрлерін (бүтін сандар, логикалық мәндер, жолдар немесе пайдаланушы анықтайтын типтер болсын) анықтау керек дегенді білдіреді, себебі типтері компиляция уақытында тексеріледі. Басқаша айтқанда статикалық типтегі тілдер айнымалылар компиляция уақытында (Java, C немесе C++ сияқты) белгілі болатын тілдер болып табылады. Фигуралық жақшалар код блоктарын (айнымалыларды анықтауға болатын) белгілейтін жақшаларға жатады.

Блокчейнді дамытуға қызығушылық танытсаңыз немесе DeFi әлеміне енуді ойласаңыз, Solidity тілін үйрену тамаша бастама болуы мүмкін. Дегенмен барлық бағдарламалау тілдері сияқты, Solidity тілінің де өзіндік қиындықтары бар. Қателердің немесе осалдықтардың алдын алу үшін Solidity жүйесінде смарт келісімшарттар жасаған кезде әзірлеушілер өте мұқият болуы керек, себебі бұл үлкен қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін. Алайда блокчейн технологиясы мен смарт келісімшарттардың үздіксіз дамуына байланысты Solidity технологиялық әлемде құнды және сұранысқа ие дағдыға айналады.

Посттарды бөлісу
Шотты тіркеу
Бүгін Binance шотын ашу арқылы біліміңізді іс жүзінде қолданыңыз.