Басты бет
Глоссарий
Орталықтандырылмаған автономды ұйым (DAO)

Орталықтандырылмаған автономды ұйым (DAO)

Жетілдірілген
DAO қысқарған сөзі орталықтандырылмаған автономды ұйым дегенді білдіреді. Жалпы айтқанда DAO – орталықтандырылмаған ұйым қандай әрекеттер жасайтынын анықтайтын қатаң бағдарламаланған ережелер жүйесі. Бұл ретте DAO термині 2016 жылы Ethereum блокчейнінде тұжырымдалған «DAO» деп аталатын ұйымға да қатысты болуы мүмкін.

Қарапайым тілмен айтқанда, DAO – кәдімгі компанияларға қарағанда ашық бастапқы кодқа негізделген және толығымен оның қауымдастығы басқаратын ұйымның белгілі бір түрі. Сондықтан DAO ұйымының негізгі құрылымы мен жұмыс механизмдері иерархиялық басқарудың қандай да бір түріне негізделмейді (бұл дәстүрлі бизнестерде жиі кездеседі).

Басқаша айтқанда DAO ұйымында бірде-бір жауапты орган немесе директорлар кеңесі болмайды және, аты айтып тұрғандай, билік орталықтандырылмайды. DAO ұйымдары компьютерлік-кодталған ережелер (смарт келісімшарттар) негізінде жүзеге асырылады және оның салымшылары мен қауымдастық мүшелерінің ұжымдық жұмысымен реттеледі. 

Орталықтандырылмаған ұйымдар (DO) идеясы жаңа болмаса да, олардың кейбір жұмыс механизмдері мен функцияларын автоматтандыру үшін смарт келісімшарттарды пайдалану DAO ұғымын пайдалы және қызықты тұжырымдамаға айналдырады. Мұндай инновациялық құрылым әртүрлі қызметтерді толығымен орталықтандырылмаған және автоматтандырылған түрде орындауға болатын бизнестің мүлдем жаңа моделін құруға мүмкіндік береді.

DAO моделі пайдалы болуы мүмкін бірнеше назар аударарлық пайдалану жағдайлары қатарына автоматтандырылған қаражат жинау науқандары (мысалы, ICO), цифрлық токендерді шығару және активтерді токендеу, сондай-ақ шешім қабылдау мен ұсыныстарға дауыс беру жүйелері кіреді. Оған қоса DAO моделі адамның араласу қажеттілігін төмендету есебінен тиімдірек жүйелер құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жалпы пайдалану шығындары мен адам мінез-құлқына байланысты тәуекелдерді азайтады.

Биткоинның банктерге және басқа да сенімді үшінші тараптарға деген қажеттілікті жоятын тең деңгейлі цифрлық экономикалық жүйені құрғаны сияқты, DAO ұйымының смарт келісімшарттар негізінде жұмыс істейтін орталықтандырылмаған басқару үлгілерін пайдалану арқылы бірқатар салаларда төңкеріс жасау мүмкіндігі бар.

Толығырақ: DAO дегеніміз не?
Binance Sensei
I am powered by ChatGPT and trained with 1,000+ articles and glossary entries from Binance Academy. My responses are provided on an “as is” basis for general information only, without any representation, warranty or guarantee of completeness or accuracy. See full terms and conditions here