Binance Inscriptions маркетплейсі дегеніміз не?
Басты бет
Мақалалар
Binance Inscriptions маркетплейсі дегеніміз не?

Binance Inscriptions маркетплейсі дегеніміз не?

Орташа
Жарияланды Mar 6, 2024Жаңартылды May 2, 2024
5m

Негізгі тұжырымдамалар

  • Inscriptions – блокчейндегі транзакция нәтижелеріне тіркелген метадерек бөліктері.

  • Binance Inscriptions маркетплейсі – жазба токендерін сатуға және минттеуге арналған орын.

  • Бұл нұсқаулықта Binance Inscriptions маркетплейсімен танысасыз және оны қалай пайдалана бастауға болатыны көрсетіледі.

Кіріспе

Binance Inscriptions маркетплейсі – пайдаланушылар өз жазбаларын жасап, 60 000-нан астам жазба токенін, соның ішінде BRC-20, Ethereum виртуалдық машинасы (EVM) токендерін және т.б. саудалауға болатын орын.

Енді жазбалар дегеніміз не, Binance Inscriptions маркетплейсі деген не және оны жазба токендерін саудалау үшін қалай пайдалануға болатынын көрейік.

Жазбалар дегеніміз не?

Криптовалюта саласында жазбалар дегеніміз – BTC-дің ең кіші бірлігі сатошиге қосылған немесе «жазылған» ақпарат бөліктері. Олар Bitcoin блокчейнін Bitcoin Ordinals протоколы арқылы пайдалану жағдайлары кең таралғаннан кейін танымал болды. Негізінде жазбалар блокчейндегі әртүрлі ақпаратты, соның ішінде мәтінді, видеоларды, суреттерді және т.б. көрсете алады.

BRC-20 токендері жазба мысалдары болып табылады. Шын мәнінде BRC-20 – пайдаланушыларға Bitcoin блокчейніндегі Ordinals Protocol арқылы түрлендірілетін токендерді тасымалдауға мүмкіндік беретін тәжірибелік токен стандарты. BRC-20 стандарты арқылы жасалған әр токен сатошидегі жазба болып табылады.

Binance Inscriptions маркетплейсі дегеніміз не?

Binance Inscriptions маркетплейсі – Binance Web3 әмиянындағы платформа. Ол әртүрлі жазбаларды, соның ішінде BRC-20 және EVM токендерін сатуға арналған интерфейсті ұсынады. Binance Inscriptions маркетплейсі пайдаланушыларға барлық жазбамен өзара әрекеттесу үшін бірыңғай орта ұсынып, активтерді өңдеуді жеңілдетеді.

Сондай-ақ пайдаланушылар Жазбалар орталығын пайдаланып бірнеше түймені басу арқылы өз жазбаларын минттеп, орналастыра және тасымалдай алады. Binance Inscriptions маркетплейсінің осы және басқа да мүмкіндіктері пайдаланушыларға жазба токендерін үздіксіз басқарып, өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.

Binance Inscriptions маркетплейсі қалай жұмыс істейді?

Негізінде Binance Inscriptions маркетплейсі – Binance қолданбасындағы жазбаларға арналған сауда платформасы. Сауда тапсырыстарын жасау үшін, пайдаланушылар жазба токендерін Binance Web3 әмияны мен Binance Inscriptions маркетплейсі арасында тасымалдай алады. Binance Inscriptions маркетплейсі сауда тәжірибесін жақсарту үшін бірнеше құрылымды пайдаланады.

Платформа BTC транзакция акселераторын жүзеге асырады. Бұл, әсіресе, желіде жүктеме көп болған кезде немесе пайдаланушы өз алымдарын тым төмен қойған кезде транзакцияларды растауды тездететін қызмет. Осылайша механизм саудадағы кідірістерді азайтып, басымдылығы жоғары транзакцияларды тезірек өңдей алады.

Binance маркетплейсі UniSat жобасымен де біріктірілген. Платформа өтімділікті арттырып, сауда жасау үшін жазба токендерінің кең ауқымын қамтамасыз ету мақсатында UniSat API интерфейсін пайдаланады. 2024 жылдың наурыз айындағы көрсеткіш бойынша Binance маркетплейсі 60 000-нан астам BRC-20 токенін сатып алуды, сатуды және жазуды қолдайды.

Binance Inscriptions маркетплейсімен жұмысты қалай бастауға болады

Binance Inscriptions маркетплейсінің интерфейсіне шолу жасап көрейік. Содан кейін жазбаларды қалай минттеуге болатынын қарастырып, жазба токенін сатып алу мысалын келтіреміз.

Binance Inscriptions маркетплейсіне қалай кіруге болады

1. Binance шотына кіріп, [Қосымша] → [Web3 әмияны] тармағын табыңыз.

2. Содан кейін Binance Web3 әмияныңыздағы [Inscriptions маркетплейсі] баннерін тауып, оны басыңыз.

4. Сол кезде Binance Inscriptions маркетплейсіне өтесіз.

5. Саудалауға болатын жазба токендерінің тізімін көресіз. Белгілі бір жазбаларды табу үшін іздеу жолағын пайдалануға болады.

6. Жоғары оң жақ бұрыштағы түйме арқылы жазбаларды басқару туралы нұсқаулыққа кіруге болады.

7. Тапсырыстар журналын жоғарғы оң жақ бұрыштағы басқа түйме арқылы да көруге болады.

8. Жазбалар орталығы – жазбаларды минттеуге, орналастыруға және тасымалдауға болатын орын.

Жазбаларды қалай минттейді

1. Бірінші қадам – Binance Inscriptions маркетплейсі негізгі интерфейсінен Жазбалар орталығын ашыңыз.

2. Одан кейін желіні таңдап, минттегіңіз келетін жазбаның 4 таңбалы тикерін енгізіңіз. Минттеу мөлшерін және қайталау санын көрсетіңіз.

3. Енгізілген деректерді қайта тексеріп, жазбаны минттеу үшін [Растау] түймесін басыңыз.

Жазбаларды қалай сатып алуға болады

1. Жазба токенін таңдаудан бастаңыз. Бұл мысалда біз piin арқылы жұмыс істейтін боламыз.

2. Содан кейін сатып алғыңыз келетін жазбаны таңдаңыз. Таңдауыңызды растау үшін [Сатып алу] түймесін басыңыз.

3. Тапсырыс мәліметтерін мұқият тексеріп, [Растау] түймесін басу арқылы әрекетті аяқтаңыз.

 

Қорытынды ойлар

Binance Inscriptions маркетплейсі – әртүрлі жазбаларды, соның ішінде BRC-20 және EVM токендерін жасауға және саудалауға мүмкіндік беретін платформа. Маркетплейс пайдаланушыларға ыңғайлы интерфейсі, қолжетімді мүмкіндіктері және BTC транзакция акселераторы мен UniSat сияқты құрылымдар арқылы жазбалардың толық әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

Қосымша оқитын материалдар

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: бұл мазмұн сізге «сол қалпында» тек жалпы ақпарат және білім беру мақсаттарына, ешқандай мәлімдемесіз немесе кепілдіксіз ұсынылады. Ол қаржылық, құқықтық немесе басқа кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек, сондай-ақ қандай да бір нақты өнімді немесе қызметті сатып алуды ұсынуға арналмаған. Кеңесті тиісті кәсіби кеңесшілерден алуыңыз керек. Мақаланы үшінші тарап қатысушысы жазған жағдайда, айтылған пікірлер үшінші тарап қатысушысына тиесілі екенін және Binance Academy пікірін білдірмейтінін ескеріңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін біздің жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдемеміздің толық мәтінін осы жерден оқыңыз. Цифрлық активтердің бағасы тұрақсыз болуы мүмкін. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңізге тек сіз жауаптысыз және Binance Academy сізге келтірілуі мүмкін шығындар үшін жауап бермейді. Бұл материал қаржылық, құқықтық немесе басқа кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттары мен Тәуекел туралы ескертуді қараңыз.