Негізгі тұжырымдамалар
Binance әртүрлі депозит опцияларын ұсынады, соның ішінде Binance P2P, қолма-қол ақшамен криптовалюта сатып алу, криптовалюта депозиттері және банк аударымдары бар.
Binance жүйесінен ақша шығару үшін пайдаланушылар криптовалюта және фиат шығару опцияларының бірін таңдай алады, олардың әрқайсысы нақты қадамдар мен қауіпсіздік тексерісін талап етеді.
Қаражатты кездейсоқ жоғалтып алмау үшін әрқашан енгізген мәліметтерді, мысалы, шотты толтыру үшін таңдалған желі мен қаражатты алуға арналған банктік деректемелерді мұқият тексеріңіз.
Кіріспе
Криптовалютаға келгенде, ақшаны салу мен шығару түсініксіз болуы мүмкін. Көптеген пайдаланушыларға әртүрлі депозит енгізу/қаражат шығару опцияларын және қауіпсіздік қадамдарын түсіну қиынға соғады, бұл жиі жағдайда ақшаның кездейсоқ жоғалуына әкеп соқтырады.
Бұл мақалада біз Binance жүйесінде қолжетімді депозит енгізу/қаражат шығару опцияларын қарастырамыз. Сіз Binance P2P арқылы депозит салуды, банк депозитін салуды, криптовалюта депозитін салуды және қолма-қол ақшамен криптовалюта сатып алуды үйренесіз. Сонымен қатар Binance жүйесінен фиат пен криптовалютаны қиындықсыз алу жолын білесіз.
Binance жүйесіне қалай депозит салуға болады?
Binance биржасы пайдаланушыларға өз қаражаттарын Binance P2P арқылы депозитке салуға, қолма-қол ақшамен криптовалюта сатып алуға, криптовалюта депозиттері мен банк шотындағы депозиттерді салуға мүмкіндік береді. Әрбір әдіс қалай жұмыс істейтінін қарастырайық.
Binance P2P арқылы депозит салу жолы:
1. Binance шотыңызға кіріп, [Депозит] түймесін басыңыз да, [P2P саудасы] опциясын таңдаңыз.
2. Сатып алғыңыз келетін криптовалютаны, оны сатып алатын валютаны және пайдаланатын төлем әдісін таңдаңыз.
3. Қолжетімді сатушылар тізімін қарап шығыңыз, олардың тарифтері мен шарттарын қараңыз.
4. Төлемді келісілген әдіс арқылы жүзеге асыру үшін сатушыны таңдап, берілген нұсқауларды орындаңыз.
5. Сатушы төлемді алғанын растағаннан кейін криптовалюта Binance әмияныңызға шығарылады.
Binance жүйесінде қолма-қол ақшамен криптовалюта сатып алу жолы:
1. Binance шотыңызға кіріп, [Депозит] түймесін басыңыз да, [Криптовалюта сатып алу] опциясын таңдаңыз.
2. Сатып алғыңыз келетін криптовалютаны, оны сатып алатын валютаны және жұмсағыңыз келетін соманы енгізіңіз.
3. Кредиттік/дебеттік карталар немесе үшінші тарап төлем провайдерлері сияқты әртүрлі төлем опцияларын таңдаңыз.
4. Кредиттік/дебеттік картамен депозит салғыңыз келсе, [Жаңа карта қосу] түймесін басып, қажетті ақпаратты толтыру арқылы картаңыздың мәліметтерін енгізуіңіз қажет.
5. Содан кейін транзакцияны аяқтау үшін нұсқауларды орындаңыз. Сатып алынған криптовалюта Binance әмияныңызға аударылады.
Binance жүйесіне криптовалюта салу әдісі:
1. Binance шотыңызға кіріп, [Депозит] түймесін басыңыз да, [Криптовалюта салу] опциясын таңдаңыз.
2. Салғыңыз келетін криптовалютаны таңдаңыз.
3. Депозитке арналған желіні таңдап, оның криптовалютаны жіберіп жатқан желіге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
4. Binance тарапынан ұсынылған депозит мекенжайын көшіріңіз.
5. Криптовалюта сақталатын платформаға өтіп, Binance депозитінің мекенжайын қойыңыз да, аударымды бастаңыз.
Банк шотыңыздан Binance жүйесіне ақша салу жолы:
1. Binance шотыңызға кіріп, [Депозит] түймесін басыңыз да, [Банк депозиті] опциясын таңдаңыз.
2. Салғыңыз келетін фиат валютасын таңдаңыз және берілген банк аударымы опцияларының бірін таңдаңыз.
3. Салғыңыз келетін соманы енгізіңіз.
4. Binance ұсынған банк деректемелерін пайдалану арқылы банк шотыңыздан аудару процесін аяқтаңыз. Банк шотындағы ат Binance шотында тіркелген атқа сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Binance жүйесінен қалай қаражат шығуға болады?
Binance жүйесі пайдаланушыларға криптовалюта және фиат шығару опциялары арасында таңдауға мүмкіндік береді. Екі опцияның қалай жұмыс істейтінін қарастырайық.
Binance жүйесінен криптовалюта шығару жолы:
1. Binance шотыңызға кіріп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы шот белгішесінің үстіне меңзерді апарыңыз да, [Активтер] тармағын таңдаңыз.
2. [Шығару] түймесін басып, шығарғыңыз келетін криптовалютаны таңдаңыз.
3. Криптовалюта жібергіңіз келетін қабылдау мекенжайын енгізіңіз де, қажетті желіні таңдаңыз. Шығару сомасын көрсетіңіз.
4. Шығару мәліметтерін растағаннан кейін, екі факторлы аутентификация (2FA) сияқты қажетті қауіпсіздікті растау әрекеттерін орындаңыз. Бұл ретте Binance сізге растау электрондық хабарын жібереді. Қаражат шығаруды аяқтау үшін осы электрондық поштадағы сілтемені басыңыз.
Binance жүйесінен фиат шығару жолы:
1. Binance шотыңызға кіріп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы шот белгішесінің үстіне меңзерді апарыңыз да, [Активтер] тармағын таңдаңыз.
2. [Шығару] түймесін басып, ашылған бетте [Фиатты шығарып алу] опциясын таңдаңыз.
3. Алғыңыз келетін фиат валютасын (мысалы, USD, EUR) таңдаңыз.
4. Шығару әдісін таңдаңыз. Binance биржасы аймағыңызға байланысты бірнеше әдісті, соның ішінде SWIFT, SEPA және басқа да опцияларды қолдайды.
5. Банк деректемелерін, соның ішінде шығарғыңыз келетін соманы енгізіңіз. Қажетті ақпаратты толтыру үшін нұсқауларды орындаңыз.
6. Шығару мәліметтерін қарап шығып, оларды растаңыз да, қажетті қауіпсіздік тексерістерін орындаңыз.
7. Таңдалған әдіске байланысты қаражат шығару үшін бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін кетуі мүмкін.
Қорытынды ойлар
Қолжетімді опцияларды түсінген соң, Binance жүйесінде депозит салу және алу оңай болады. Сіз P2P саудасы, қолма-қол ақшамен криптовалюта сатып алу, банк аударымдары немесе тікелей криптовалюта депозиттері арқылы депозит сала аласыз. Қаражат шығару үшін белгілі бір блокчейн мекенжайына криптовалюта шығару немесе банк шотына фиат валютасын шығару опциялары арасында таңдауға болады.
Әрқашан барлық енгізілген мәліметтерді мұқият тексеріп, алаяқтардың құрбаны болмау немесе ақшаңызды кездейсоқ жоғалтып алмау үшін ресми нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша оқитын материалдар
Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: бұл контент сізге «сол қалпында» тек жалпы ақпарат және білім беру мақсаттарына, ешқандай мәлімдемесіз немесе кепілдіксіз ұсынылады. Ол қаржылық, құқықтық немесе басқа кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек, сондай-ақ қандай да бір нақты өнімді немесе қызметті сатып алуды ұсынуға арналмаған. Кеңесті тиісті кәсіби кеңесшілерден алуыңыз керек. Мақаланы үшінші тарап қатысушысы жазған жағдайда, айтылған пікірлер үшінші тарап қатысушысына тиесілі екенін және Binance Academy пікірін білдірмейтінін ескеріңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін осы жерден біздің жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдемеміздің толық мәтінін оқыңыз. Цифрлық активтердің бағасы тұрақсыз болуы мүмкін. Инвестицияңыздың құны төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін және инвестицияланған соманы қайтара алмауыңыз мүмкін. Инвестициялық шешімдеріңізге тек сіз жауаптысыз және Binance Academy сізде туындауы мүмкін шығындар үшін жауап бермейді. Бұл материал қаржылық, құқықтық немесе басқа кәсіби кеңес ретінде қабылданбауы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттары мен Тәуекел туралы ескертуді қараңыз.