Binance әмияны дегеніміз не?

Binance әмияны дегеніміз не?

Бастаушы
Жарияланды Nov 9, 2023Жаңартылды Dec 14, 2024
5m

Негізгі тұжырымдамалар

  • Binance әмияны – цифрлық активтерге арналған жаңашыл әмиян, ол ыңғайлылықты, қауіпсіздікті, пайдалы функцияларды және тікелей блокчейн арқылы сауда жасау мүмкіндігін біріктіреді. Әмиян мобильді қолданба мен веб-нұсқаларда қолжетімді.

  • Әмиян мобильді құрылғыларда Көптарапты есептеу (MPC) технологиясы арқылы, ал веб-нұсқада Қорғалған автоматты түрде қол қою (SAS) және Сенімді орындау ортасы (TEE) көмегімен жылдам әрі қауіпсіз транзакцияларға қол қою мүмкіндігін ұсынады.  

  • Сіз кроссчейн токен айырбастау әрекеттерін орындай, Binance Bridge-ге кіре, DeFi және DApp қолданбаларын зерттей және ончейн сауда мен портфолио талдауын жүргізе аласыз. Осының бәрі 24/7 режимінде жұмыс істейтін арнайы қолдау қызметімен бірге ұсынылады.

Binance әмияны дегеніміз не?

Binance әмияны – пайдаланушыға ыңғайлы криптовалюта әмияны, ол Binance қолданбасына біріктірілген және компьютерде пайдалануға болатын Binance әмияны (веб) атты веб-нұсқа арқылы да қолжетімді. Ол пайдаланушыларға орталықтандырылмаған қаржы (DeFi) және ончейн трейдинг салаларында еркін әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Мобильді қолданба әмияны активтерді басқаруға, блокчейндер арасында қауіпсіз токен айырбастауға, DeFi қызметтеріне қол жеткізуге және сид-фразаларсыз оңай әмиян жасауға баса назар аударады.  

Веб-нұсқа жоғары жылдамдықтағы, дерекке бай ончейн трейдинг тәжірибесін ұсынуға бағытталған. Онда портфолионы талдау, токендерді қадағалау және әлеуметтік желі жаңартулары сияқты жетілдірілген мүмкіндіктер бар.  

Ол қалай жұмыс істейді?

Мобильді әмиян қауіпсіздігі: MPC 

Binance әмияны мобильді қолданбасы жеке кілттеріңізді бір жерде сақтау қажеттілігін болдырмайтын жетілдірілген криптографиялық қауіпсіздік жүйесі болып табылатын Көптарапты есептеу (MPC) технологиясын пайдаланады.

Әмиян MPC көмегімен Әмиянда, бұлт жадында және құрылғыда бөлек сақталатын үш «кілт бөлігін» сақтау үшін қолданылады. Кілт бөліктері сізге белгілі қалпына келтіру құпиясөзімен қорғалған.

Веб-әмиян қауіпсіздігі: SAS

Binance әмияны (веб) транзакцияларды Сенімді орындау ортасында (TEE) жылдам әрі тиімді түрде қол қоюға мүмкіндік беретін Қорғалған автоматты түрде қол қою (SAS) атты жаңа қол қою әдісін қолданады. 

Бұл – сенімді үшінші тарап бұлтты провайдері басқаратын қауіпсіз, оқшауланған аппараттық орта. Ол жеке кілттердің қорғалуын қамтамасыз етеді және пайдаланушыларға толық өз бетінше сақтауды сақтай отырып, сауданы қауіпсіз түрде автоматтандыруға мүмкіндік береді.

SAS мобильді қолданбада қайталама растаусыз транзакцияны жылдам және ыңғайлы авторизациялауды қамтамасыз етеді. Сеанстар 7 күнге дейін созылады және әр жаңа тапсырыстан кейін автоматты түрде жаңартылады немесе қолмен қайта рұқсат беруге болады.

Binance әмиянының негізгі мүмкіндіктері

Қолдануға оңай

Binance қолданбасы арқылы бірнеше секунд ішінде Binance әмиянын жасай аласыз. Басқа криптовалюта әмияндарынан айырмашылығы – Binance әмиянын орнату арқылы сид-фразалар немесе жеке кілттер туралы алаңдамайсыз, бұл оны пайдалануды әлдеқайда жеңілдетеді.

  • Мобильді: сид-фразаларды немесе жеке кілттерді қолмен басқармай Binance қолданбасы арқылы бірнеше секунд ішінде Binance әмиянын жасаңыз.  

  • Веб: Binance әмиянының ағымдағы пайдаланушылары Binance қолданбасынан QR кодын сканерлеу арқылы жүйеге жылдам кіре алады, бөлек тіркелудің қажет емес.

Ыңғайлылығы

Binance Bridge-ге және басқа қызмет провайдерлеріне үздіксіз қосылған Binance әмияны әртүрлі блокчейндер арқылы бәсекеге қабілетті бағамен оңай токен айырбастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пайдаланушылар бірнеше рет басу арқылы DApp қолданбаларымен танысып, кіріс жүйесін құра алады.

Веб-нұсқа танымал токендер тізімдері, Binance Alpha токендері, мемкоин түсініктеріне арналған Мем дүрлікпесі, бағалар мен диаграммалар бар токендер туралы егжей-тегжейлі ақпарат, әмияндар мен әлеуметтік трекерлер, портфолио және позицияларды басқару сияқты функцияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

Қауіпсіздік

Binance әмияны маңызды қауіпсіздік мүмкіндіктерін, соның ішінде қате мекенжайдан қорғау және ықтимал зиянды смарт келісімшарттарды анықтау опцияларын ұсынады. Транзакциялар жасау кезінде әмиян пайдаланушыларға токен немесе блокчейн әлеуетті қауіпсіздік тәуекелін тудыратыны туралы хабарлайды.

  • Мобильді қолданба: қауіпсіз көп тарапты кілт депозитарийі үшін MPC технологиясын пайдаланады.

  • Веб-қолданба: жеке кілтті оқшаулау және қол қою құқықтарын қауіпсіз түрде беру үшін TEE ішінде SAS қызметін қолданады.

Өз бетінше сақтау

Екі нұсқа да қауіпсіз технологиялармен шифрланған және пайдаланушы басқаратын құпиясөздермен қорғалған цифрлық активтердің толық автономиясын қамтамасыз етеді.  

Тұтынушыларды қолдау қызметі

Пайдаланушылар қауіпсіз және біркелкі жұмыс тәжірибесін қамтамасыз ету үшін платформалар бойынша 24/7 режимінде жұмыс істейтін арнайы қолдау қызметіне қол жеткізе алады.

Binance әмиянын пайдалану жолы

Binance қолданбасын пайдаланып Binance шотыңызға кіріңіз немесе жұмыс үстеліндегі ончейн трейдинг үшін Binance әмиянына (веб) кіріңіз.

Мобильді

1. Binance шотыңызға кіріп, экранның үстіңгі жағындағы [Әмиян] бөліміне өтіңіз.

binance әмиянының мобильді нұсқасына кіру жолы

 

2. Содан кейін бастау үшін [Әмиян жасау] немесе [Әмиянды импорттау] түймесін басыңыз. Пайдаланар алдында әмиянның сақтық көшірмесін жасап, қалпына келтіру құпиясөзін орнатыңыз.

binance әмиянын жасау немесе импорттау

3. Binance әмиянының сақтық көшірмесін жасау туралы қосымша мәліметтер алу үшін келесі бетті қараңыз: Binance әмиянындағы Кілтсіз мекенжай дегеніміз не және оның сақтық көшірмесін не үшін жасау керек?

Веб

1. Binance шотыңызға кіріп, үстіңгі мәзір жолағында [Сауда жасау] > [DEX] тармағына өтіңіз.

binance әмиянының веб-нұсқасына кіру жолы

2. Содан кейін Binance әмиянының веб-нұсқасында Қорғалған автоматты түрде қол қою қызметін қосу үшін Binance мобильді қолданбасын пайдаланыңыз.

binance әмияны веб-нұсқасының SAS аутентификациясы

3. Бар болғаны осы. Сіз Binance әмиянының веб-нұсқасын пайдалануға дайынсыз.

binance әмиянының веб-интерфейсі

Веб-нұсқада ончейн сауда жасау үшін Қорғалған автоматты түрде қол қою (SAS) авторизациясы 7 күн бойы жарамды және трейдинг операциялары аяқталғаннан кейін жаңартылатынын ескеріңіз. 7 күн бойы белсенді болмаса, қайта авторизациялау қажет болады.

Маңызды хабарлама

Binance әмияны (веб) арқылы желідегі сауда орталықтандырылған биржа саудасына қарағанда жоғары тәуекелді құрайды. Пайдаланушыларға сауда жасамас бұрын Binance әмиянының пайдалану шарттарын мұқият қарап шығу ұсынылады.

Қосымша оқитын материалдар

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: Binance әмияны – қалауыңыз бойынша ұсынылатын өнім. Бұл өнімнің сізге сәйкес келетінін анықтауға өзіңіз жауаптысыз. Binance компаниясы үшінші тарап қолданбаларына (Binance әмиянына енгізілген функционалдылықты қоса алғанда) кіруіңізге немесе пайдалануыңызға жауап бермейді және осындай үшінші тарап қолданбаларын пайдалануыңызға байланысты, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелместен, сіз дауласатын транзакциялардың ешқайсысына жауапты емес. Binance әмиянының пайдалану шарттарын мұқият қарап шығып, әрқашан өз бетіңізше зерттеу жүргізіңіз.