BEP-20

Орташа

BEP-20 дегеніміз не?

BEP-20 – бұл BNB Smart Chain (BSC) желісіндегі токен стандарты. Ол Ethereum желісіндегі ERC-20 токен стандартына ұқсайды. Токен стандарты токендердің қалай жұмсалатынын, оларды кім жұмсай алатынын және пайдалану ережелерін анықтайтын үлгі деп қарастыруға болады.
BEP-20 BNB Smart Chain үшін техникалық сипаттама ретінде ойластырылған. Оның мақсаты – әзірлеушілерге әртүрлі токендерді оңай іске қосуға мүмкіндік беру. Мұндай токендер бизнестегі акциялардан бастап банк сейфінде сақталған долларларға дейінгі активтерді (мысалы, стейблкоиндер) білдіруі мүмкін. 
Сондай-ақ жергілікті актив ретінде BEP-20 токенін жасауға немесе басқа блокчейндердегі токендерді байланыстырып, оларды BNB Smart Chain желісінде пайдалануға болады. Бұл «Peggy» монеталарында қолданылады. Олар негізінде басқа криптоактивтердің (мысалы, LINK немесе XRP) BEP-20 нұсқалары болып табылады.
BEP-20 токендерінің аударымдары BNB есебінен жүзеге асырылады. Бұл валидаторларды транзакцияларды блокчейнге қосуға ынталандырады, себебі олар бұл үшін BNB түрінде алым алады.
Посттарды бөлісу
Қатысты глоссарийлер
Шотты тіркеу
Бүгін Binance шотын ашу арқылы біліміңізді іс жүзінде қолданыңыз.